Төмен айналдырыңыз

Көмек

Жиі қойылатын сұрақтар

Өтініш берген кезде нені білу керек

Өтініште көрсетілген мәселелерді шешу Жоғарғы Соттың құзыретіне жатады ма әлде жатпайды ма.

Осы платформаның шегінде қандай өтініштер қаралмайды, неліктен?

Сот өндірісі тәртібімен қарауға жататын өтініштер, арыздар мен шағымдар, оларды басқа органдар, лауазымды немесе өзге тұлғалар қарай алмайтындықтан немесе бақылауға ала алмайтындықтан, процессуалдық кодекстермен белгіленген тәртіпте қарауға жатады.

Неліктен жалған өтініштер беруге болмайды?

Қасақана жалған, басқа адамның ар-намысы мен абыройына кір  келтіретін немесе оның беделін кетіретін мәліметтер таратылғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған (ӘҚБтК 73-3-бабы).

Өтініштерді қарау мерзімі қандай?

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

Тіркелу не үшін керек?

Жеке кабинетте тіркелу сіз берген өтініштерді қадағалап отыру үшін керек! Тіркелусіз берілген өтініштер анонимді болып саналады және олардың жағдайын қадағалау мүмкін емес.

Өтініштің қаралу мәртебесін қалай қадағалау керек?

Сіздің өтінішіңіздің қаралу мәртебесін «Менің өтініштерім» бөлімінен таба аласыз. Бұл бөлім тек авторландырылған пайдаланушылар үшін ғана қолжетімді.

Менің дербес деректерімнің қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі?

Біз сіздің дербес деректеріңіздің қауіпсіздігі мен қорғалуын тұрақты негізде қамтамасыз етуге ұмтыламыз. Дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сенімді техникалық және ұйымдасырушылық қорғау құралдары қолданылады. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес, дербес деректер Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ҚР Жоғарғы Сотының серверлерінде сақталады.