Сыбайлас жемқорлық қылмыстар тізбесі
Сыбайлас жемқорлық қылмыстар тізбесі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 3-бабының 29-тармағында көрсетілген.
- ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы – Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның не оған теңестірілген адамның, не лауазымды адамның, не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның, егер олар өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденуі немесе ысырап етуі.
- ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы – Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам не оған теңестірілген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған алаяқтық, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса.
- ҚК-нің 218-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы – Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам не оған теңестірілген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған, егер олар өздерінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса, Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жария ету (жылыстату) .
- ҚК-нің 234-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы – Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам не оған теңестірілген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған, егер олар өздерінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса, экономикалық контрабанда.
- ҚК-нің 249-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы – Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам не оған теңестірілген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған рейдерлік, егер олар өздерінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса.
- ҚК-нің 361-бабы – Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану
- ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы – Өзіне немесе басқа адамдарға немесе ұйымдарға пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану.
- ҚК-нің 364-бабы – Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу.
- ҚК-нің 365-бабы – Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау.
- ҚК-нің 366-бабы – Пара алу.
- ҚК-нің 367-бабы – Пара беру.
- ҚК-нің 368-бабы – Парақорлыққа делдал болу.
- ҚК-нің 369-бабы – Қызметтік жалғандық.
- ҚК-нің 370-бабы – Қызмет бойынша әрекетсіздік.
- ҚК-нің 450-бабы – Билікті теріс пайдалану.
- ҚК-нің 451-бабы 2-бөлігі 2-тармағы – Өзіне немесе басқа адамдарға немесе ұйымдарға пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында билікті асыра пайдалану.
- ҚК-нің 452-бабы – Биліктің әрекетсіздігі.