Судьяларға қатысты қылмыстық істер бойынша статистика
Бүгінде елімізде Мемлекет басшысы қабылдаған 2025 жылға дейінгі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия жүзеге асырылуда.
Сыбайлас жемқорлық – тек сот жүйесінің ғана емес, жалпы қоғамымыздың дерті.
Біз, бір жағынан,адамдар соттың объективті, адал болуын қалайтынын көреміз. Екінші жағынан – олар мәселені өз пайдасына шешу үшін, судьяға шығар жол іздейді. Пасықтығы бар судьялар мұны пайдаланады.
Бірақ біз өз қатарымыздың «тазалығын» сақтаудың қамын ойлаймыз. Құқық бұзушылықтардың, әсіресе сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі шаралар қабылдаймыз.
Өткен жылы судьялардың сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілігі қатайтылды. Сыбайлас жемқор судьялар үшін мерзімінен бұрын шартты босату алынып тасталды. Қаупсіздік қызметі күшейтілді. Құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдармен тығыз өзара іс-қимыл орнатылды.
Статистикалық деректер:
- 2017 жылы 2 қылмыстық іс қозғалды, олардың нәтижелері бойынша екі судья сотталды.
- 2018 жылы 8 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 4 судья сотталды, 4 судья ақталды.
- 2019 жылы 13 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 7 судья сотталды, 5 судьяға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, 1 судья ақталды.
- 2020 жылы 9 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 6 судья сотталды, 3 судьяға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.
- 2021 жылы 6 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 3 судья сотталды, 1 судьяға қатысты қылмыстық іс қысқартылды, екі судьяға қатысты тергеу шаралары жүргізілуде.
- 2022 жылдың 5 айы ішінде 2 қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
Соңғы 4 жылдың ішінде 38 судья қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 22 судья сотталды. Бұл қоса алғанда 8 жыл ішіндегіден көп.
Мемлекеттік аппарат пен азаматтық қоғам институттарының күштерін біріктірмей қандай да болмасын елеулі нәтижелерге жету қиын болатынын біз айқын түсініп отырмыз.