Жоба туралы
«Сыбайлас жемқорлық жоқ соттар» сыбайлас жемқорлыққа қарсы краудсорсинг платформасы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын іске асыру шеңберінде әзірленді.
Платформаның идеясы қоғамға соттардың сыбайлас жемқорлық әрекеттері, олардың Судья этикасының кодексін бұзғаны немесе процессуалдық емес байланыстар туралы шағым жолдауды бірнеше рет түрту арқылы жүзеге асыру мүмкіндігін беретін қарапайым және ыңғайлы құрал ұсынуда болып табылады. Шағымға аудио, бейне, фото және басқа материалдарды тіркеу мүмкіндігі бар.
Түскен шағымдардың барлығын сот жүйесінің ішкі қауіпсіздік бөлімшелері тексеретін болады. Сонымен бірге пайдаланушылар шағымды қараудың ағымдағы мәртбесін қадағалай алады.
Бұдан басқа, «Сыбайлас жемқорлық жоқ соттар» платформасында пайдалы анықтамалық ақпарат орналастырылған.
Платформаны жетілдіру жөніндегі кез келген ұсыныстарды қош көреміз!
Құрметпен, әзірлеушілер командасы!