Сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылықтардың тізбесі
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 34-тарауында көрсетілген.
- ӘҚБтК-нің 676-бабы – Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі.
- ӘҚБтК-нің 677-бабы – Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның не оған теңестірілген адамның заңсыз материалдық сыйақы алуы.
- ӘҚБтК-нің 678-бабы – Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі.
- ӘҚБтК-нің 679-бабы – Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы және заңсыз кірістер алуы.
- ӘҚБтК-нің 680-бабы – Мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы.
- ӘҚБтК-нің 681-бабы – Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау.